Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 Қаулысы
(2025.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-07-7.13 хаттамасының 2.13-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға кешенді жоспар (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 748 қаулысымен
бекітілген
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспар
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау